Center Image
IHSAN.KZ
«Саңлақ сахабалар» кітабы жайында ой тарқатылды
 «Саңлақ сахабалар» кітабы жайында ой тарқатылды

  Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен  түрлі діни кітаптарды оқу арқылы шәкірттердің білімін арттыру мақсатында өтіп жатқан «Кітап асыл қазына» атты шарада мешіт шәкірттері «Саңлақ сахабалар» кітабын толық аяқтап, өз ойларымен бөлісті.  

Шара барысында мешіт ұстазы жиналған шәкірттер қауымына кітап оқудың пайдасы, білім алудың артықшылығы бойынша насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шәкірттер алдағы уақытта басқа да діни кітаптарды оқуды жалғастырып, өз ойларын тарқататын болмақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz