Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Әжелер мектебі» жаңғырды
Теміртауда  «Әжелер мектебі» жаңғырды

Теміртау орталық "Әлихан Бөкейхан" мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының  ұйымдастыруымен қызға қырық үйден тиым салатын «Әжелер мектебін» жаңғырту мақсатында ақ жаулықты әжелерге арналған дөңгелек үстел болып өтті.

Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы әжелердің қоғамдағы, қазақ отбасыныдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  әжелер институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін әжелер мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты ақ жаулықты әжелер қауымы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz