Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда «Әжелер мектебінің» кезекті семинары өтті
Қарағандыда «Әжелер мектебінің» кезекті семинары өтті

  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қызға қырық үйден тыйым салатын «Әжелер  мектебінің» кезекті семинары болып өтті.
Семинарда алғысөз сөйлеген облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы ұрпақ тәрбиесі қазіргі таңда ең маңызды мәселенің бірі, оның ішінде қыз тәрбиесі алдыңғы орында болу керек екенін атап өтті. Осы орайда, жас буынның бойына дініміздің  асыл қасиеттерін сіңіруде ақ жаулықты  әжелерміздің алатын орны орасан зор екенін тілге тиек етті.

Рухани шара барысында әжелер қауымы кезекпен сөз алып,  ислам дініндегі қыз баланың тәрбиесі, әйел адамның мәртебесі, баланың өмірінде ананың алатын  орны тақырыптары аясында сөз қозғады.

Берекелі шара мешіт асханасында жайылған дастархан басында жалғасын тауып, ізгі тілектер мен құнды насихаттар айтылды. 

 Айта кетейік, Қарағанды облысы өкілдігі биылғы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Әжелер мектебінің» жанынан тәрбие-танымдық және салт дәстүр бағытында біршама іс шараларды жүзеге асырмақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz