Center Image
IHSAN.KZ
«Аталар мектебінің» алғашқы басқосуы өтті
«Аталар мектебінің» алғашқы басқосуы өтті

  «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес,  Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен бұқара халыққа және жастарға ақыл-кеңес айтатын «Аталар мектебі» құрылып, алғашқы бас қосу өтті.

«Аталар мектебі» құрылуының басты мақсаты болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру. Тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани мәдениетке тәрбиелеу.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, ақсақалдар алқасы бір ауыздан қолдау танытты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz