«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында дәстүр құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шет ауданы, Ақадыр кенті «Иса молда» мешітінің ұстазы Алия Жалғабекованың ұйымдастыруымен «Әжелер мектебі» атты семинар өтті.
Іс шара басында алғысөз сөйлеген мешіт имамы Азамат Серікұлы ұрпақ тәрбиесі қазіргі таңда ең маңызды мәселенің бірі, оның ішінде қыз тәрбиесі алдыңғы орында болу керек екенін атап өтті. Қыз балаларға ұлттық салт дәстүрді бағалап, туған жерін, шаңырағын ардақтайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу алғашқы буынның міндеті, яғни, сіздер мен біздер деп, ата-баба дәстүрін сақтай отырып, имани тәрбие мен дініміздің асыл қасиеттерін бойларына сіңіруде ақ жаулықты әжелерміздің алатын орны орасан зор екенін атап өтті.
Сөз кезегінде аталмыш мешіттің ұстазы Алия Жалғабекова аналардың исламдағы мәртебесі туралы сөз қозғап, баланың өмірінде ананың орны маңызды рөл атқаратынын, ананың балаға деген дұғасы әрдайым қабыл екенін, ата-ананың, оның ішінде ананың орнының жоғары екенін айтты.
Іс шара барысында дәстүр құндылықтарын дәріптеу мақсатында мешітке жиналған әйелдер қауымына, қыз балаларға Майра әже ұршық иіруді, кішкентай сәбиді бесікке бөлеуді көрсетіп, Қазақи дәстүр бойынша баланың тұсауы кесілді.
Жиын соңында ақ дастархан жайылып, әжелер батасын жасады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы