Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұржан Қалмағанбетовтың Көкпекті кенті мешітіне қызметке ауысуына орай мешіт жамағаты арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы аталмыш мешітте біршама жыл қызмет атқарған наиб имамға алғыс хат табыстап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты.
Ақ батасын арнай келген мешіттің ақсақалдар қауымы беріп, жаңа қызметке ауысқан жатқан Нұржан имамға жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы