Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешіті жамағаты Бараат түнінде бас қосты
«Әл Машани» мешіті жамағаты Бараат түнінде бас қосты

  «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті  жамағаты дәстүрге айналған берекелі дастарханда бас қосты.

Мешіт имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында мешітке жиналған жамағатқамешіт дін қызметкері Молдай Жансұлтан Бараат түнінің  қасиеті жайлы уағыз айтып, алдағы қасиетті рамазан айына дайындық  жайында насихат айтты.

Шара барысында арнайы дастархан жайылып, рухани кеш соңы сұрақ-жауаппен жалғасты.
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz