Center Image
IHSAN.KZ
«Қазақ қоғамындағы ізгі аналар ізімен» атты сайыс өтті
«Қазақ қоғамындағы ізгі аналар ізімен» атты сайыс өтті

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Қазақ қоғамындағы ізгі аналар ізімен» атты қыз-келіншектер арасында сайыс болып өтті.

Игі шара «Дін мен дәстүр» бөлімінің жауапты  жетекшісі Бағдаулет Қыдырбайұлының және Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Сайысқа 7 адамнан құралған 3 команда, атап айтар болсақ “Отанасы”, “Арқаның арулары” және “Асыл аналар” қатысты.

Сайыста әр топ таныстыру, көрініс, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық керек-жарақтар және дәстүрлерден сұрақтарға жауап беру секілді кезеңдерден өтті. Дәстүріміздің құндылықтарын насихаттап әрбір топ өзінің білімі мен ұлтшылдығын танытып, көрермен көзайымына айналды.

Шара барысында сайысқа қатысушылар «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Ең үздік ұлттық керек-жарақтар» және «Ең үздік көрініс» номинациялары бойынша марапатталып, әрбір топ мүшесіне сыйлықтар табысталды.

Қазылар алқасы мүшелері Айнаш қажы мен қоғамдық бірлестік жетекшісі Жиенбаева Мадина өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz