Center Image
IHSAN.KZ
«Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық акциясы өтті
«Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық акциясы өтті

  Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында Ақсу-Аюлы ауылындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж, аз қамтылған көп балалы 10 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Азық-түлікпен қамтамасыз етілген 10 отбасы аталмыш акцияны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтып, шынайы қуаныштарын білдірді.
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz