Center Image
IHSAN.KZ
«Никитин В.М» ЖК ұн өнімдері сертификатталды
«Никитин В.М» ЖК ұн өнімдері сертификатталды

   Қарағанды қаласындағы ұн өндіруші «Никитин В.М» ЖК кәсіпорны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Мекеме «Dadi nan», «АқБата», және «Мерей» сауда белгісі бар ұндарды өндіріп шығарады. ⠀
Кәсіпорынды сертификаттау барысындағы міндетті аудит жұмысын Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты  меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы жүргізді. «Никитин В.М» ЖК кәсіпорны «Халал өнімдерді өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz