Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған «Отбасы- бақыт мекені» атты рухани кеш болып өтті.
«Отбасы ғылымхалы» дәрісі аясында өткен рухани шараның басты мақсаты қазіргі жастарға имандылық негізінде отбасын құрудың мәнін талдап түсіндіру.
Берекелі шараға Қарағанды облысы дін істері басқармасы, Қарағанды облысы конфессияаралық катанастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы" КММ теологы
Карсыбекова Жанар Бектеновна және “Қарағанды медицина университеті» «Мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушысы Сураган Мая арнайы қатысып, шәкірттерге өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Рухани кешке Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің ұстаздары Индира Нұртайқызы және Ақниет Дәуірғалиқызы арнайы қатысып, шәкірттерге отбасы құндылықтары аясында насихат айтты.
Сонымен қатар, кештің өтуіне мұрындық болған ұстаз Бақытгүл Айтқалиқызы аталмыш тақырып аясында тереңінен насихат айтып, жалпы қазақ отбасындағы, ислам отбасындағы әйел адамның қадір-қасиеті, отбасы құндылықтары тақырыптары аясында уағыз айтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы