Center Image
IHSAN.KZ
Жамағат жаңа имамның құрметіне ерулік берді
Жамағат жаңа имамның құрметіне ерулік берді

  Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан аудандық «Төлеутай ата»  мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының  қызметке тағайындалу құрметіне орай жергілікті жамағат ерулік беру дәстүрін жаңғыртты.

Шара барысында арнайы дастархан жайылып, жаңа имам жиналған қауымға бірлік пен ынтымақ жайында насихат айтты.

Айта кетейік, ерулік – жаңадан көшіп келген көршілерді үйге шақырып, дастархан жайып, қонақ қылу дәстүрі. Тұрғылықты ауыл тұрғындары жаңа қонысқа көшіп келген отбасы сол ортаға тез үйренісіп, бір-бірімен жақын араласып кетуін ойлап, барынша көмек берген.


 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz