Center Image
IHSAN.KZ
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның рухына арнайы құран бағышталды
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның рухына арнайы құран бағышталды

  Мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 158 жыл толуына орай Ақжол партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары  және  «Ә.Бөкейхан» атындағы мектеп ұжымы қалалық «Әл Машани» мешітін арнайы зиярат етті.

Алаш ардақтысына арнайы құран бағыштамаққа мешітке ат басын бұрған құрметті қонақтарды «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы қарсы алып, құрмет көрсетті.
Келелі отырыс барысында зиялы тұлғаның рухына арнайы құран бағышталып, дұға жасалды. Сонымен қатар,   ұлттық құндылық пен дәстүр сабақтастығы турасында әңгіме өрбіді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz