ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы Астана қаласына барған іс-сапары барысында «Хусамуддин әс-Сығанақи» атындағы ислам институтының шәкірттерімен жүздесіп, сұхбат құрды.
Дін қызметкерлері бұл білім орталығында терең білім алып, классикалық еңбектерді оқумен қатар, араб тілін жетік меңгеруіне, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін ашу бағыттары бойынша сауат ашуда.
Келелі кездесу барысында облыс бас имамы Қарағанды өңірі бойынша білім алып жатқан имамдардың әлеуметтік жағдайы, оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады
Сондай-ақ, асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау мақсатында білім ізденген дін қызметкерлеріне оқуда сәттілік тілеп, Өзінің ыстық лебізін білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы