Center Image
IHSAN.KZ
Абайда рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды
Абайда рамазанға дайындық жұмыстары пысықталды

 Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында Абай аудандық орталық мешітінде Рамазан айына арналған жиын өтті.

Жиынға аймақ әкімі Оспанов  Сәбит Темешұлы арнайы қатысты.

Аймақ имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен өткен жиынның күн тәртібінде рамазан айында  облыс тарапынан жүктелген тапсырмалар аясында дайындық жұмыстары пысықталды. Мешіттің ішкі-сыртқы тазалық жұмыстарынан бастап ауызашар, қайырымдылық шараларын тиісті деңгейде жүзеге асыру  жоспарланды. Жиынға Абай аудандық орталық мешітінің дін қызметкерлері қатысты.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz