Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне орай «Дінді біліммен таны» атты оразаға дайындық сабағы болып өтті.
Діни сауат ашу дәрісіне мешітте білім алып, іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттер қатысты.
Шара барысында мешіт ұстазы жиналған шәкірттер қауымына қасиетті рамазан айының құндылықтары туралы насихат айтып, берекелі айды қалай өткізу керектігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, шәкірттердің тарапынан рамазан айына және ораза тұтуға қатысты туындаған маңызды сауалдарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы