Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінде діни дәрістер жалғасуда
«Қажыбай қажы» мешітінде діни дәрістер жалғасуда

  Қарағанды  облысы, Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің ұстаздары Мариям Бауыржанқызы және Гүлімжан Абдурахимқызының ұйымдастыруымен жас жеткіншектерге арналған діни сауат ашу дәрістері жалғасын табуда.

Жүйелі әрі тұрақты дәрістің нәтижесінде қазіргі уақытта 14 шәкірт Құран және Тәжуид ережесі, 10 шәкірт Мұғалім сәни әдістемелік кітабі бойынша сауат ашуда.

Әр сенбі сайын әдеп сабағы, ал әр жексенбі қол өнер шеберлік сағаттары өтуде.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мешітте жалпы 25 шәкірт тәлім алуда.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz