Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттеріне «Айтайық Жарапазан елімізге!» атты эстафетасы жариялаған болатын.
Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айын сүйіншілеу, игі дәстүрімізді жалпы жұртқа насихаттау мақсатында қолға алынып отырған жарапазан эстафетасын Абай аудандық орталық мешіті Саран қалалық мешітінен қабыл алды.
Ұлттық құндылығымыз дәріптеуге арналған шараға аймақ имамы Асхат Қанайұлы бастаған дін қызметкерлері бір ауыздан ат салысып, «Айтайық Жарапазан елімізге!» эстафетасын Бұқар Жырау ауданына жолдады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы