Center Image
IHSAN.KZ
«Рахым айы - Рамазан» атты әйелдер жамағатына арналған ауызашар дастарханы жайылды
«Рахым айы - Рамазан» атты әйелдер жамағатына  арналған ауызашар дастарханы жайылды

«Рахым айы - Рамазан» атты әйелдер жамағатына  арналған ауызашар дастарханы жайылды

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының бастамасымен және мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Рахым айы - Рамазан» атты әйелдер жамағатына арналған ауызашар дастарханы болып өтті.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауабқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді» дейді.

Рухани отырыста ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ибалы қыздар мен бақ гүлі болған балалар дастарханда бас қосты.

Кешке «Әл Мәшәни» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы арнайы қатысып, әйелдер жамағатына қасиетті айдың құндылығы мен қасиеті жайында насихат айтып, өзінің құттықтауын білдірді.

Одан кейін,  «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы әйелдер жамағатына арнап әсерлі уағыз-насихат айтты.

Кеш барысында  «Әл Машани» мешітінің қажы  апалары оқыған  Құранның хатым дұғасы жасалды. Шара барысында «Бала қажы» мешітінің кішкентай шәкірттерінен құралған топ Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат жолдады.

Осындай игі істі жүзеге асырып, көптеген жанның ауыз ашуына себепкер болған мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызына әйелдер жамағаты алғыстарын бідіріп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz