Қарағанды облысына қарасты Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің наиб имамы Токтамысов Нұруханбет Махмутұлы жастармен «Отбасындағы Ихсан» тақырыбы аясында кездесу өткізді.
Аталған семинарға 50 жыл халықпен қызмет атқарған, бір әулеттің ұйытқысы, данагөй анасы болып отырған Абдуқалиқызы Халима арнайы қонақ болды.
Қажы анамыз жас отбасыларға өмірлік тәжірибесінен сыр шертті. Әсіресе, шаңырақтың берекесі әйел адам екендігіне жіті тоқталды. Қоғамның рухани кемелденуіне үлес қосатын отбасы құндылығын насихаттағаны айтып, ақ батасын берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы