Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде наурыз мейрамының құрметіне орай «Дәстүрлі фест» атты рухани іс-шара болып өтті.
Игі шара «Жақып Ақбай» мешітінің ұстаздары Индира Нұртайқызы, Бағдат Шәкенқызы және Ақниет Дәуірғалиқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шара барысында «Келіндер бәйгесі» өтіп, қатысушыларға жүлделі орындар табысталды.
Шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы арнайы қатысып, уағыз-насихат айтты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы