Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар жырау ауданының әкімі жамағатқа ауызашар берді
Бұқар жырау ауданының әкімі жамағатқа  ауызашар берді

   Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының әкімі Аблай Қайратқалиұлы Султангали аймақ жамағатына ауызашар дастарханын жайды.

Рухани кешке аудандық мешіттің имамы Рүстем Мұратұлы бастаған дін қызметкерлері мен жамағаты және зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында аудан имамы аймақ әкіміне ҚМДБ -ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының құттықтауын жеткізді.

Жиында аудан әкімі жергілікті халықты рамазан айымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Кеште уағыз-насихат айтылып, қариялар ақ батасын берді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz