Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешіті және «Хазрет Әли» мешіті қасиетті рамазан айының құрметіне орай «Қайырымды жұма» акциясын ұйымдастырып, 300 адамға «Рамазан қоржынын» үлестірді.
Қайырымдылық акциясы барысында «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы жәрдем алуға келген жандарды рамазан айымен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдірді. Одан кейін, «Хазрет Әли» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы сөз кезегін алып, мешітке арнайы жәрдем алмаққа келген жандарға насихат айтты.
Айта кетейік, акция барысында көп балалы отбасылар, мұқтаж жандар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты аналарға және "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігіне көмек көрсетілді.
Игі шара, алдағы уақытта өз жалғасын табатын болмақ.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы