Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы рамазан айы қарсаңында қаладағы №6505 әскери бөлімнің сарбаздарымен және бөлімшенің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Келелі кездесу барысында сарбаздарды мұсылмандардың ұлық мейрамы рамазан айымен құттықтап, берекелі айдың артықшылығы жайында насихат айтты. Сонымен қатар, шараға қатысушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Шара барысында қасиетті құран түскен айдың құрметіне орай әскери бөлімшеге арнайы Құран Кәрім кітабы тарту етілді.
Сондай ақ, қазіргі қоғамда белең алып отырған жат діни ағымның алдын-алу шарасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы