Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде үш отбасыға көмек көрсетілді
Саран қалалық мешітінде үш отбасыға көмек көрсетілді

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің Дт-9-22 студенттері Алмаз Досалиев пен Рахимбек Төлебидің ұйымдастыруымен Саран қалалық мешітінде 3 отбасыға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді.

Қасиетті Рамазан айында жасалған игі шараға Саран мешітінің наиб имамы мен жамағаттар және басқа да студенттер ат салысты. Ұлық айда қайырлы іске себепкер болған студенттерге мешіт ақсақалы Сайлаубай қажы батасын берді. Жастардың қолға алған қайырымды шаралары басқа да студенттерге үлгі болары анық. Алла қабыл етсін.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz