Center Image
IHSAN.KZ
«Рамазан - Рахым айы» атты әйелдер жамағатына арналған ауызашар дастарханы жайылды
«Рамазан - Рахым айы» атты әйелдер жамағатына  арналған ауызашар дастарханы жайылды

   Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде "Ханифа" қыздар даму клубының  ұйымдастыруымен «Рахым айы - Рамазан» атты әйелдер жамағатына арналған ауызашар дастарханы болып өтті.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім, ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауабқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейді» дейді.

Рухани отырыста ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, ибалы бас қосты.

Кеш барысында  «Әнет бабаи» мешітінің ұстазы Айгерім Берікболқызы әйелдер жамағатына арнап әсерлі уағыз-насихат айтты.

Кеш барысында  Құранның хатым дұғасы жасалып,  Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар жолданды.

Осындай игі істі жүзеге асырып, көптеген жанның ауыз ашуына себепкер болған мешіт ұстазына әйелдер жамағаты алғыстарын бідіріп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz