Center Image
IHSAN.KZ
Түркиялық «Уақып» қоры «Әнет баба» мешітінде ауызашар дастарханын жайды
Түркиялық «Уақып» қоры «Әнет баба» мешітінде ауызашар дастарханын жайды

  Қасиетті рамазан айының қарсаңында бауырлас  Түркия мемлекетінен келген «Уақф» қорының делегациясы Қарағанды облыстық «Әнет баба»   мешітінде ауызашар дастарханын ұйымдастырды.

Қайырымдылық шарасы барысында  105 адамға ауыз ашар беріліп ,75 отбасыға азық - түлік себеттері таратылды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға қасиетті Құран Кәрім кітаптары тарту етілді.
Игі шара барысында «Jomart jurek»  Қарағанды облыстық қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің белсенділер және көпбалалы аналар қамтылды.

Қайырымдылық шарасы барысында «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы  көршілес елден келген «Уақып» қорының мамандарына облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының атынан алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz