Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Қарубай аймақтағы агротехникалық колледжі студенттерімен жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті.
Келелі кездесуде студенттерге өзекті мәселелер мен жаңа заңнаманың маңыздылығын түсіндіру, терроризм және діни экстремизм көріністерінің зардабын ескерту және конфессияаралық келісімнің «қазақстандық нысанын» насихаттау, дәстүрлі діннің құндылықтарын тарату, адамзат қоғамының рухани құндылықтары туралы және оны құрметтеу, білу, ақпараттық жүйедегі қатерлі мәселелер туралы таныстыру, саралау, жастардың жанұя, отбасын сыйлау, оның маңызы туралы түсінігін арттыру, бейбіт өмір басты бақыт екенін сезінуіне жол ашу секілді маңызды мәселелерге тоқталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы