Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда 100 отбасыға үшір садақасы берілді
Қарағандыда 100 отбасыға үшір садақасы берілді

   Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде қасиетті рамазан айының қарсаңында Қарағанды қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі саналатын «Natige» сүт зауыты үшір садақасын жүзеге асырып, егістікке еккен 100 қап картоп өнімін 100 отбасыға үлестірді.

Игі шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы және «Бұқар Жырау» мешітінің имамы Орманбет қажы Болатұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады. 

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» акциясы аясында өткен  қайырымдылық шарасында «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша өкілдігі  әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға бір қап картоп өнімдерін  үлестірді.  


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz