Center Image
IHSAN.KZ
Абай ауданында 500 адамға ыстық ас үлестірілді
Абай ауданында 500 адамға ыстық ас үлестірілді

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж 500 адамға ыстық ас үлестірілді.

Қасиеттің айдың және Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамының құрметіне орай өткен шара барысында арнайы ас әзірленіп, аймақтағы жалғыз басты, науқас, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі жандарға ыстық палау таратылды.

Игі шаралар қасиетті рамазан айы бойы жүзеге асырылатын болады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz