Center Image
IHSAN.KZ
Көкпектіде «Әжелер мектебі» құрылды
Көкпектіде «Әжелер мектебі» құрылды

Көкпекті мешітінің имамы Нұржан Оңғарұлының ұйымдастыруымен ізгі қоғам аясында өмірдің өнегесі, шаңырақтың берекесі болған өнегелі  ақ жаулықты әжелердің басын қосқан  «Әжелер мектебі»  атты  келелі кездесу болды.

Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы әжелердің қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  әжелер институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін әжелер мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты ақ жаулықты әжелер қауымы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz