«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-деген ұстаныммен Үштөбе ауылдық "Қажыбай қажы" мешіті ауласын қалың қардан тазартуға аймақ жастары ат салысты.
Игі шара «Жастар ісі» секторының аймақ бойынша жауапты маманы Нуров Арифжанның ұйымдастыруымен іске асты.
Сыртқы тазалық адамзат баласын өркениеттілікке жетелейді. Ішкі тазалық – исламның барлық міндеттерін орындауда жүрек арқылы ұғынған (тасдик) және іс-әрекет арқылы сенімнің бір бөлігін көрсететін рухани – өнегелік тазалық.
Алла тағала ислам діні арқылы адамға берілген денсаулық кепілі секілді, тазалыққа да үлкен мән береді және қоршаған ортадағы тазалықты қолдауға шақырады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы