Center Image
IHSAN.KZ
Үштөбеде «Рамазан - Құран айы» ауызашар өтті
 Үштөбеде «Рамазан  - Құран айы» ауызашар өтті

Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына «Рамазан  - Құран айы» атты ауызашар кеші ұйымдастырылды.

Мешіт ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының мұрындық болуымен өткен шара барысында әйелдерге насихат айтылып, берекелі айды қалай тиімді өткізу керектігі түсіндірілді. Сонымен қатар, Құран оқылып, пайғамбарға «с.а.с» салауаттар жолданды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz