Center Image
IHSAN.KZ
«Уақиға»  сүресін жаттау бойынша онлаин марафон өтті
«Уақиға»  сүресін жаттау бойынша онлаин марафон өтті

  Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен  әйелдер жамағаты арасында «Уақиға»  сүресін жаттау бойынша өткен  онлайн марафонының жеңімпаздары марапатталды.

Марафонға жас ерекшеліктеріне қарамастан ақ жаулықты әжелер де қатысты.

«Қажыбай қажы» мешітінің ұстазы Мариям Бауыржанқызының  мұрындық болуымен өткен сайыс жоғары деңгейде өтіп, нәтижесінде:

 

І орын Абенова Тилла ( 30 000 теңге);

ІІ орын Сатпаева Ляззат (20 000 теңге);

ІІІ  орын Ахметова Фарида (10 000 теңге).

 Сонымен қатар, сайыста қатысушылардан бөлек жоғары көрсеткіш көрсеткен  Ақтөбелік  Ақмарал Орынбасарқызына  ынталандыру сыйлығы табысталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz