Center Image
IHSAN.KZ
«Әбдірахман қажы» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті
«Әбдірахман қажы» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты меңгерушісі Юсуфбек Шұғайұлы  Қарқаралы ауданына қарасты Қасым Аманжолов ауылдық «Әбдірахман қажы» мешітінде «Пәтуа сағатын» өткізді.

 Кездесу барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, рамазан айының қасиеті тақырыптарында уағыз айтты.

Сонымен қатар, жамағаттың тарапынан туындаған бірқатар сұрақтарға жауап беріп,  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінен бекітілген жаңа пәтуалар мен нұсқауларды таныстырды. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz