Center Image
IHSAN.KZ
«Invest-project» ЖК «KARAK HOME» тамақтану орны сертификатталды
  «Invest-project» ЖК «KARAK HOME» тамақтану орны сертификатталды

Қарағанды қаласындағы «Invest-project» ЖК «KARAK HOME»   қоғамдық тамақтану орны  Халал Даму ЖШС – ның  сертификатын иеленді.

Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкіл Амангелді Дәулеткелдіұлы аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспаларды зертханаға жіберді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Invest-project» ЖК «KARAK HOME» тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты берілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz