ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне орай «Тайқазан» жобасы жүзеге асып, аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік үлестірілді.
Игі шара барысында аудандық мешітке жиналған отбасыларға мешіт имамы Асхат Қанайұлы шараның мақсаты мен маңызын түсіндірді.
Жиырма отбасыға теңдей үлестірілген азық-түліктер мешітке келе алмаған отбасылардың шаңырағына жеткізіліп берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы