Center Image
IHSAN.KZ
«Дәстүрім - асыл қазынам»: әйелдер жамағаты ауызашарда бас қосты
«Дәстүрім - асыл қазынам»: әйелдер жамағаты ауызашарда бас қосты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен әз-наурыз мерекесінің құрметіне орай әйелдер жамағатына ауызашар дастарханы жайылды.

Дін мен дәстүрдің құндылықтары насихатталған шараға мешіттің ақ жаулықты қажы апалары, қыз-келіншектері қатысып, берекелі дастархан басында бас қосты. Дәстүрлі шара барысында қонақтарға ұлттық сусын наурыз көже ұсынылып, дәстүрлі күй шертілді.

Шара барысында мешіт ұстазы  «Дәстүрім - асыл қазынам» тақырыбында уағыз-насихат айттты. Сонымен қатар, қасиетті рамазан айында оқылған құран хатым дұғасы жасалып, қажы апалар ақ батасын берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz