Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде «Рамазан қоржыны» үлестірілді
 «Бала қажы» мешітінде  «Рамазан қоржыны» үлестірілді

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлының ұйымдастыруымен  қасиетті рамазан айының құрметіне орай аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға   «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

Игі шара барысында мешіт имамы   жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады. 
Қасиетті айдың құрметіне орай өткен қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы арнайы қатысты. Шара барысында   әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған қоржындар  теңдей үлестірілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz