Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы «Төлеутай ата» мешітіндегі игі шараларға қатысты
Облыс бас имамы «Төлеутай ата» мешітіндегі игі шараларға қатысты

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы «Төлеутай ата» мешітінде өткен бірнеше игі шараларға қатысты.

Алдымен, аймақ имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне жайылған қазақы киіз үйдегі ауызашар дастрханына қатысып, жергілікті жамағатпен берекелі отырыста бас қосты. Келелі отырста аймақ жамағатын қасиетті рамазан айымен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдірді.

Рухани шара қайырымдылықпен жалғасын тауып, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға «Рамазан қоржыны» үлестірілді. Сонымен қатар, көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге «Рамазан тәттілері» таратылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz