Center Image
IHSAN.KZ
Ақтоғайда ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды таныстыру семинары өтті
Ақтоғайда ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды таныстыру семинары өтті

Қасиетті рамазан айының құрметіне орай Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты меңгерушісі Юсуфбек Шұғайұлы  Ақтоғай аудандық мешітінің дін қызметкерлеріне ғұламалар кеңесінде бекітілген пәтуаларды таныстыру семинарын өткізді.  

Шара барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, рамазан айының қасиеті тақырыптарында уағыз айтылып, екпе алу мәселесіне қатысты шариғат және пәтуа бөлімінің пәтуасы таныстырылды.

Сонымен қатар, жамағаттың тарапынан туындаған бірқатар сұрақтарға жауап беріліп, жаңа пәтуалар таныстырылды.

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz