Center Image
IHSAN.KZ
«Әл Машани» мешітінде мәйітхана жөндеуден өтуде
«Әл Машани» мешітінде мәйітхана жөндеуден өтуде

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің жанындағы мәйітханаға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталу үстінде.

 Осы орталықтың бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабар алу мақсатында  «Қамқор-Шарапат» ЖШС-ның  Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы орталыққа арнайы ат басын бұрды.

Кездесу барысында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының «Әл-Машани» мешітіндегі жауапты меңгерушісі Мирас Эрланұлы орталықтың қызмет барысынан хабар берді. Сонымен қатар, бірқатар мәлелелер талқыға салынды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz