Center Image
IHSAN.KZ
Қасиетті айда аналарға көмек көрсетілді
Қасиетті айда аналарға көмек көрсетілді

   ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы болып өтті.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазан айының құрметіне орай жергілікті жамағатқа үздіксіз жалғасып келе жатқан рухани ауызашар кеші бұл жолы қаладағы «Toi Grand» мейрамханасында жүзеге асты.

Берекелі шара барысында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы дүйім жұртты рамазан айымен құттықтап, Өзінің ыстық лебізін білдірді.

Игі шара қайырымдылық жобасымен жүзеге асып, «Жомарт жұма» акциясы аясында  көп балалы және жалғыз басты аналарға қаржылай сертификаттар үлестірілді.

Басқосуда дәстүрлі термелер орындалып, жарапазан жыры айтылды.

Кеш соңында қасиетті Құран Кәрім оқылып, жиналған жамағат ел мен жердің тыныштығын тілеп, дұға жасады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz