ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Игі шара барысында мешіт имамы жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады.
Қасиетті айдың құрметіне орай өткен қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы арнайы қатысты. Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған қоржындар теңдей үлестірілді.
Айта кетейік, қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы