Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті
«Қазыбек би» мешітінде «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен мешіт имамдарына «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті.

Мешіт имамы Ербол Мұқанұлы  жалпы имамдар пайғамбар жолында жүрген тұлғалар екенін атап өтіп: «Имамдарымыз Ихсан ілімін ең әуелі өз өмірлеріне арқау етуі қажет. Жеке адамға болсын, жамағатқа болсын бір насихат айтпас бұрын, сол ілімге өзіміз лайықты болуымыз керек. Сол кезде ғана ойларымыз бен іс-әрекетіміздің арасында үйлесімділік орнап, айтқан сөздеріміз адамдардың жүрегіне жетіп, оң өзгерістерге септігін тигізе аламыз. Дана халқымыз «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаған. Рухани-адамгершілік құндылықтарды өз бойына сіңірген ұстаз ғана, өзге адамдардың жетілуіне мүмкіндік туғыза алатынын ұмытпаңыздар», деді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz