Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау жамағаты жерлестерімізге дұға жасады
Теміртау жамағаты жерлестерімізге дұға жасады

Қарағанды облысына қарасты Теміртау оралық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы бастаған аймақ жамағаты су тасқынынан зардап  шеккен жерлестерімізге дұға жасады.  

Сонымен қатар,  қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдар, ахун-ишандар, әулиелер, алаш қайраткерлері мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттары бағышталды.

Айта кетейік, еліміздің Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында табиғи су апаты орын алған болатын. Жаппай жамағат болып дұға ету шарасы еліміздің барлық мешіттерінде жүзеге асуда.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz