Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті жамағаты жерлестерімізге дұға жасады
«Бала қажы» мешіті жамағаты жерлестерімізге дұға жасады

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлының ұйымдастыруымен мешіт дін қызметкерлері мен жамағаты су тасқынынан зардап  шеккен жерлестерімізге дұға жасады. 

Шара барысында мешіт наиб имамы Әуезхан Рахимбек бастаған жамағат дүниеден өткен имам, ғұлама ғалым, әулиелер мен ел үшін еңбек еткен күллі бабалар рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Жамағат елдің тыныштығын тілеп, табиғи апаттардан сақтану жолдары бойынша насихат тыңдап, тарқасты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz