ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне орай аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 90 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Игі шара барысында мешіт имамы жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады.
Қасиетті айдың құрметіне орай өткен қайырымдылық шарасына «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы арнайы қатысты. Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған қоржындар теңдей үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы