ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облыстың барлық мешіттерінде өз кезегімен жалғасып келе жатқан «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы бұл жолы Теміртау мешіттерінің ұйымдастыруымен жүзеге асып, әлеуметтік көмекке мұқтаж 40 отбасыға көмек көрсетілді.
Игі шараға Теміртау орталық "Әлихан Бөкейхан" мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы және қалалық "Жақып Ақбай" мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы арнайы қатысып, жиналған қауымды рамазан айымен құттықтады.
Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, зағип жандарға, көп балалы және жалғыз басты аналарға азық-түлік салынған қоржындар теңдей үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы