Center Image
IHSAN.KZ
Сәрепті ауылында «Әжелер мектебі» ашылды
Сәрепті ауылында «Әжелер мектебі» ашылды

Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Сәрепті ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен ізгі қоғам аясында өмірдің өнегесі, шаңырақтың берекесі болған өнегелі  ақ жаулықты әжелердің басын қосқан  «Әжелер мектебі»  атты  келелі кездесу болды.

Жиынға  Қарағанды облыстықтық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы  қатысып, әжелердің қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап,  әжелер институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.

«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін әжелер мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты ақ жаулықты әжелер қауымы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz